Жоғары оқу орындардағы әскери кафедрада «10 әскери күн» әдістемесі енгізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғары оқу орындардағы әскери кафедрада «10 әскери күн» әдістемесі енгізілуде

21.11.2014
Жоғары оқу орындардағы әскери кафедрада «10 әскери күн» әдістемесі енгізілуде

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Семей гарнизонының әскери қызметшілері Қазақ гуманитарлық заң және инновация университетінің студентерін әскери кафедра құрамына қабылдау салтанатына қатысты. Әскери оқудың бірінші жылын бастаған студенттер «10 әскери күн» қарқынды оқыту әдістемесі бойынша меңгерген дағдылары мен білімдерін көрсетті.

Бірінші курстықтар Д-30 артиллерия жүйесін жорық жағдайынан ұрыс жағдайына келтіруге, қашықтыққа және дәлдікке граната лақтыруға, өрт пен жиналар үйіндісінен, сондай-ақ, тікенек сым орнатылған кедергілер учаскесінен өтуге дағдыланғандарын көрсетті.

Көрсетілімдердің қорытындысы бойынша әскери кафедра ұжымына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының атынан алғыс хат, бірқатар алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушыларына тиісті сертификаттар табыс етілді.

Іс-шараға ҚХР мен РФ білім беру ұйымдарының өкілдері, Шығыс Қазақстан облысы жоғары оқу орындары әскери кафедраларының, орта білім беру мектептері мен колледждері алғашқы әскери даярлық пәндерінің оқытушы-ұйымдастырушылары, дарынды балаларға арналған «Жас Ұлан» ер балалар лицейінің оқушылары,  ҚР Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебінің курсанттары қатысты.

Хабарламаларға жазылу