«Ақсауыт». Құрлық әскерінің әскери институты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақсауыт». Құрлық әскерінің әскери институты

22.02.2015
«Ақсауыт». Құрлық әскерінің әскери институты

Алматы қаласындағы Құрлық әскерінің әскери институты  КСРО Жоғары Кеңесінің қаулысы негізінде 1970 жылы құрылған. Ол кездегі атауы – Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі еді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 11 ақпаны № 3353 Жарлығымен И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясына айналды.

2003 жылдың 31 қазанында ҚР Үкіметінің № 1080 Қаулысымен ҚР ҚК Алматы жоғары әскери училищесі Құрлық әскерлерінің Әскери институты болып аты өзгертілді.

Мұнда жас офицерлер әскери саланың он екі мамандығы бойынша арнайы білім алып шығады. Институт замануи оқу-материалдық базамен, техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Институтта физикалық тәрбиеге үлкен көңіл бөлінеді. Физикалық дайындық – әскери оқыту және тәрбиенің маңызды бөлігі.

Осы бағытта оқу орнында  арнайы  залдар мен спорттық комплекс, стадион және басқа да спорттық құрал-жабдықтар бар.

Құрлық әскері әскери институтының бүгінгі тынысы туралы 11.20-да «Ақсауыт» бағдарламасынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу