Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарына қабылдаудың ережелері өзгертілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарына қабылдаудың ережелері өзгертілді

12.07.2015
Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарына қабылдаудың ережелері өзгертілді

Оқуға түсу үшін құжаттарды ресімдеу қысқартылып, қабылдау мерзімі ұзартылды. ҚР ҚМ жоғары әскери оқу орындары мен Кадет корпусына 20 шілдеге дейін, республикалық әскери мектептерге 15 тамызға дейін құжаттар қабылданады. Әскери оқу орындарына алу 21 тамызға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды mod.gov.kz.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша әскери мамандарды даярлауды жүзеге асыратын үш әскери жоғары оқу орны бар. Ол – Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты және Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты.

Қазақстанның үш әскери білім ошағы жаңа курсанттарды қабылдауға дайын.

Хабарламаларға жазылу