Астанада «Жайдарман» қалалық чемпионатының ақтық сайысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жайдарман» қалалық чемпионатының ақтық сайысы өтті

17.11.2014
Астанада «Жайдарман» қалалық чемпионатының ақтық сайысы өтті

15 қарашада «Жайдарман» қалалық чемпионатының ақтық сайысы өтті. Шараны ұйымдастырушы - Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы.

Финалға «Тұран» университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Аграрлық университет, Қазақ инженерлік-техникалық академиясы, Тамақтану колледжі шықты. Ойынның басты тақырыбы - елорданың және студенттің тыныс-тіршілігі.

Аталмыш додада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Алтын белгі» командасы чемпион атанды.

Екінші орынды «Энерго» және «Тұран» командалары, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Аграрка жастары» иеленсе, үшінші орынды «Өсімдік қорғау және карантин» командасы ие болды.

Хабарламаларға жазылу