«Балапан» телеарнасы «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысын көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысын көрсетеді

26.11.2015
«Балапан»  телеарнасы «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысын көрсетеді

«Балапан»  телеарнасы мектеп жасындағы балалар арасында өткен «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысын  көрсетеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын байқауда биыл 1 орынды «Көңілді көшпенділер» жайдарман тобы иеленді.

Ал, 2-ші орынды «Осал емес» тобы алса, 3-ші орын «Қамажай» жайдарман тобына бұйырды.  

Бүлдіршіндерден құралған командалар қандай әзіл айтады?

Кішкентай «жайдарманшылардың» өнерін  «Балапан» телеарнасынан тамашалай аласыңдар.

«Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік  сайысы 28 қараша күні сағат 20:00-де эфирге шығады. 

 

ФОТО: jaidarman.kz

Хабарламаларға жазылу