Ләззат Күнгейбаева бокстан Әлем чемпионатының ақтық сынына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ләззат Күнгейбаева бокстан Әлем чемпионатының ақтық сынына өтті

27.05.2016
Ләззат Күнгейбаева бокстан Әлем чемпионатының ақтық сынына өтті

81 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Ләззат Күнгейбаева Астанада өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалына өтті.

Жартылай финалда ол Қытайдан келген Ванг Шижинді ұтты. Ақтық сында Күнгейбаева Шадасия Гринмен (АҚШ) жұдырықтасады.

Айта кетейік, 27 мамыр күні  Әлем чемпионатының финалдық бәсекесі, сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Кіру тегін.

Бокстан Әлем чемпионатының финалдық кездесулерін «Қазақстан» және «Кazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу