Қызылордада бокстан республикалық турнир басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада бокстан республикалық турнир басталды

05.11.2014
Қызылордада бокстан республикалық турнир басталды

Қызылордада 2001-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан Қызылорда қаласы әкімінің жүлдесі үшін республикалық турнир басталды.

Жарысты ұйымдастырушылар - Қызылорда қаласының әкімдігі мен облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық бокс федерациясы.

Республикалық сайыстың ашылу салтанатында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев және бокс ардагерлері сөз сөйледі.

Турнир 9 қарашаға дейін созылады. Онда Қазақстанның 11 облысынан барлығы 220 жас былғары қолғап иелері қатысып отыр.

Хабарламаларға жазылу