Қызылордада теннистен республикалық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада теннистен республикалық турнир өтті

16.10.2014
Қызылордада теннистен республикалық турнир өтті

Қызылорда қаласында  «Нұрсәт» теннис орталығының жүлдесі үшін  14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында теннистен  ашық республикалық турнир өтті. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Мақсат - жасөспірімдерді спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 6 команда  қатысты.

Ұлдар арасында қызылордалық спортшылар жақсы нәтижеге қол жеткізіп, Мұхтар Сейітқасымов, Елжас Сағынай, Арман Кенжебек  жүлделі орындарды бөлісті.

Ал, қыздар арасында Дана Исабаева (Алматы обл.) жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды Ләйлә Меңдиярова  (Қызылорда), үшінші орынды Азиза Күпбаева (Ақтөбе обл.) иеленді.

Турнирдің «Ең жас қатысушы» аталымымен Адель Малгонусова (Алматы қ.), «Жеңіске деген ынтасы үшін» оңтүстікқазақстандық Анастасия Попова мен қызылордалық Ләйлә Айтбайқызы, «Үздік техника көрсеткені үшін» Елизавета Кузьменко  (Алматы қ.) мен Нұрай Көбенова (Қызылорда қ.) марапатталды.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу