Құжаттың мақсаты - сауда қызметін мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысандарын жүйелендіру, электрондық сауда саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін одан әрі жетілдіру.
Сонымен қатар, Заң жобасында еліміздің сыртқы сауданы реттеу саласындағы заңнамасын халықаралық шарттарға, соның ішінде Кеден одағы мен ДСҰ нормаларына сәйкестендіру көзделеді.
«Заң жобасының аясында арнайы киімдерді пайдалану арқылы құқықбұзушылықтар, қылмыстар жасауды тежеу шаралары қамтылып отыр.
Атап айтқанда, әскери және арнайы киімдер, нысанды киімдерге жататын тауарларды еркін саудада сатуға шектеулер белгіленеді», деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
Бұдан бөлек, Заң жобасында электрондық сауданы жүзеге асыру барысында сатушының өзі туралы ақпарат беру міндеті қарастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.