Әуе рейстеріне билет алу үшін жолаушыда вирусты жұқтырмағаны туралы анықтама болуы қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуе рейстеріне билет алу үшін жолаушыда вирусты жұқтырмағаны туралы анықтама болуы қажет

27.04.2020

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасына қатынайтын әуе рейстерге билет алу үшін жолаушыда коронавирусты жұқтырмағаны туралы анықтама болуы қажет. Аталған қалалар арасында алғашқы кезеңде 4 рейс қатынайтын болады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Әуе рейстерін жүзеге асыруда ұшақ пен әуе жайларда күшейтілген дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуі тиіс екенін айтты министр. Сондай-ақ ол шетелде қалған қазақтандықтарды елге қайтару жұмыстары жүргізілетінін де айтты. 

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу