Фариза Оңғарсынова атындағы І республикалық көркемсөз байқауы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фариза Оңғарсынова атындағы І республикалық көркемсөз байқауы жарияланды

31.10.2014
Фариза Оңғарсынова атындағы І республикалық көркемсөз байқауы жарияланды

«Әдебиет порталы» қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Халық жазушысы  Фариза Оңғарсынова атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің І республикалық интернет байқауын өткізеді.

Байқаудың басты мақсаты – поэзия падишасының халықтың жүрегінен орын алған өлеңдерін жастар арасында насихаттау, қазақ әдебиетін интернет арқылы дамыту, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу.

Байқау шарттары:

–  Байқауға қатысушылар Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін өзі оқып, оған бейнеролик жасау арқылы қатыса алады. Жұмыстар екі тілде қабылданады (қазақ және орыс тілдерінде);

– Бейнеролик көлемі 2 минуттан кем болмауы және 10 минуттан аспауы керек;

- Ақынның өлеңін қатысушы өзі оқуы керек;

– Бейнеролик клип түрінде немесе әуесқой түсірілім ретінде қабылданады;

– Байқауға қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;

Интернет-байқаудың қазылар алқасы үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың: 

–      өлеңді оқу шеберлігіне;

–      дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;

–      өлеңді таңдау талғамына;

–      ұсынылған бейнероликтің сапасына назар аударады;

–      Сапасы төмен бейнероликтер қабылданбайды.

Интернет-байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен төмендегідей жүлделі орындар табысталады:

Бас жүлде – Samsung Galaxy S5 смартфоны және ақынның «Ғашық сезім» жыр жинағы;

І орын – Samsung Galaxy Note ІІІ смартфоны және ақынның «Ғашық сезім» жыр жинағы;

ІІ орын – Samsung Galaxy Note ІІ смартфоны және ақынның «Ғашық сезім» жыр жинағы;

ІІІ орын – Samsung Galaxy S4  смартфоны және ақынның «Ғашық сезім» жыр жинағы;

Байқауға ұсынылатын шығармалар 2014 жылдың 18 желтоқсанына дейін қабылданады.

Интернет-байқаудың жеңімпаздары 2014 жылы 25 желтоқсанда ақынның туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылатын еске алу кешінде марапатталады.

 

adebiportal.kz

Хабарламаларға жазылу