Алматыда Оралхан Бөкейдің көркемсөз туындыларын оқу бойынша байқау өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Оралхан Бөкейдің көркемсөз туындыларын оқу бойынша байқау өтеді

07.10.2014
Алматыда Оралхан Бөкейдің көркемсөз туындыларын оқу бойынша байқау өтеді

Ертең Алматы қаласында Қазақстан халқы тілдерінің XVІ республикалық фестивалі аясында көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІ республикалық байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу.

Сондай-ақ, байқауға қатысушылар елімізге белгілі, сөз өнеріміздің дамуына өзіндік үлес қосқан драматург, ақын-жазушыларымыздың кез-келген шығармаларынан үзінді оқып, өз өнерлерін ортаға салды.

Сурет: www.arnapress.kz

Хабарламаларға жазылу