Жас ақын Әлия Іңкәрбектің «Тәңіртау» кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас ақын Әлия Іңкәрбектің «Тәңіртау» кітабы жарық көрді

21.05.2015
Жас ақын Әлия Іңкәрбектің  «Тәңіртау» кітабы жарық көрді

Алматыдағы Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасында жас ақын Әлия Іңкәрбектің «Тәңіртау» атты тырнақалды кітабының тұсаукесері өтті.

1997 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданында  дүниеге келген ақын қыз ХҮІІ Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлықтың иегері, бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері атанған.

Оның өлеңдері «Алаштың жас тұлпары», «Жауқазын жылда гүлдейді» атты ұжымдық жинақтарға енген.

«Тәңіртау» жинағына туған жер, сырлы сезім туралы жырлары еніп отыр.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу