Келесі жылы Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үш көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады. Астана қаласы Құрылыс басқармасының хабарлауынша, жалпы ауданы 48,4 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй кешендері мына мекенжайлар бойынша орналасқан:
- Брусиловский, Иманов және Жұбанов көшелерінің ауданында, жалпы ауданы 11,9 мың шаршы метрлік 272 пәтер;
- Тілендиев даңғылының оңтүстігінде Сарыбұлақ өзенінің бойында жалпы ауданы, 14,6 мың шаршы метрлік 295 пәтер;
- Тілендиев даңғылының оңтүстігінде Сарыбұлақ өзенінің бойында, 22,9 мың шаршы метрлік 530 пәтер.
Осылайша, 2015 жылы 1 097 елордалық отбасы жаңа пәтерге қоныстанады. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру үшін ведомствода тағы да 5 тұрғын үй кешенінің құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.