2015 жылы Алматыда Ислам қаржылық қызметтері жөніндегі кеңестің саммиті өтеді - Қайрат Келімбетов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылы Алматыда Ислам қаржылық қызметтері жөніндегі кеңестің саммиті өтеді - Қайрат Келімбетов

30.10.2014
2015 жылы Алматыда Ислам қаржылық қызметтері жөніндегі кеңестің саммиті өтеді - Қайрат Келімбетов

Ислам қаржылық қызметтері жөніндегі кеңестің саммиті 2015 жылы Алматыда өтеді. Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

«2015 жылы Алматыда Ислам қаржылық қызметтері жөніндегі кеңестің саммиті өтеді. Бұл бізге Ислам қаржы институттарының ортақ стандарттарын дайындауда маңызды ықпалын тигізбек», - деді Ұлттық банк төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қайрат Келімбетов  Ислам қаржы институттарына арналған   есептік және аудиттік ұйымдар стандарттары негізінде бухгалтерлік есептің заңдық базасы дайындалғанын атап өтті.

 «Қазақстан -  Исламдық қаржыландыру бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасын дайындады. Біз Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің мүшелігіне қабылдандық», - деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы.

Хабарламаларға жазылу