«Bala Turkvizyon» байқауына Қарағанды облысының атынан қатысатын баланың есімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Bala Turkvizyon» байқауына Қарағанды облысының атынан қатысатын баланың есімі белгілі болды

17.06.2015
«Bala Turkvizyon» байқауына Қарағанды облысының атынан қатысатын баланың есімі белгілі болды

«Bala Turkvizyon» байқауына Қарағанды облысынан 12 жастағы Тұрсынхан Еркін қатысады.  Іріктеуді әнші Нұржан Керменбаев пен  «Арай» тобы өткізді.

Тұрсынхан Еркін – Жезқазғандағы №1 орта мектебінде оқиды. Арнайы музыкалық білімі жоқ. Ол кастингте Батырхан Шүкеновтің «Отан - Ана» әнін орындаған.

Айта кетейік, бұған дейін «Bala Turkvizyon» балалар байқауында Шығыс Қазақстан облысы мен  Павлодар облысының намысын қорғайтын балалар анықталған еді. Енді 19 маусымда әнші Серік Ибрагимов Қызылорда қаласында іріктеу өткізеді.  

Хабарламаларға жазылу