Әлем Барысы-2014. Нидерланд елінен қатысатын палуанның есімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем Барысы-2014. Нидерланд елінен қатысатын палуанның есімі белгілі болды

20.10.2014
Әлем Барысы-2014. Нидерланд елінен қатысатын палуанның есімі белгілі болды

25 қазанда өтетін «Әлем Барысы» халықаралық турниріне Нидерланд елінен келетін палуанның есімі – Даниэль Бернар Герардус. Даниэль Бернар үшін қазақ күресі жат емес, бұған дейін жүлде салған да еді.

Туған жылы – 1978 ж.

Бойы – 192 см.

Салмағы – 150 келі.

Жетістіктері:

1993, 2003, 2005 жылдары дзюдодан Роттердамда өткен Нидерланд чемпионатының жеңімпазы;

2000 жылы Малагада (Испания) өткен Универсиада ойындарының күміс жүлдегері;

2009 жылы дзюдодан Бирмингемде өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері;

2009 жылы дзюдодан Циндао (Қытай) қаласында өткен Гран При турнирінің күміс жүлдегері;

2013 жылы қазақ күресінен Минскіде (Беларусь) өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Хабарламаларға жазылу