Дженнифер Лопестің құрметіне Нью-Йоркте көше атауы берілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дженнифер Лопестің құрметіне Нью-Йоркте көше атауы берілмек

27.10.2014
Дженнифер Лопестің құрметіне Нью-Йоркте көше атауы берілмек

Атақты әнші Дженнифер Лопестің құрметіне оның тыңдармандары Нью-Йоркте көше атын беру туралы арнаулы органдарға ұсыныс тастады. Тыңдармандар Бронкс ауданындағы Блэкрок-авенюді «Jennifer Lopez Way» атауына өзгертпек. Бұл маңда Джей Ло туып-өскен, деп хабарлайды starslife.ru.

«Дженнифер Бронкс тұрғындарына үлгі. Ол туған жерін жерін еш ұмытқан емес. Бронкспен мақтанады да. Сондықтан бұл ауданда оның құрметіне көше атын беруді өтінеміз», - делінген петицияда.

Айта кетейік, өтінішке 1300 адам қол қойған. Енді арнаулы органдармен қараша айының басында кездесу болып, өтініш қаралады. 

Хабарламаларға жазылу