Әділхан Ержановтың фильмі «Лістапад-2014» кинофестиваліне қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділхан Ержановтың фильмі «Лістапад-2014» кинофестиваліне қатысады

26.10.2014
Әділхан Ержановтың фильмі «Лістапад-2014» кинофестиваліне қатысады

7-14 қараша аралығында Беларусь астанасы Минск қаласында өтетін «Лістапад-2014» кинофестивалінің негізгі байқауының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаға қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Үкілі кәмшат» («Хозяйева») фильмі де енгізілген. Бұл туралы кинофестивальдің ресми сайтында хабарланған,деп мәлімдеді ҚазАқпарат.

Байқау бағдарламасы Қазақстан, Ресей, Эстония және Беларусь бірлескен туындысы «Мен қайтып оралмаймын» («Я не вернусь», режиссёрі Ильмар Рааг) фильмімен ашылады.

Сондай-ақ, мұнда Грузия, Германия, Франция, Чехия, Венгрия және Қазақстан бірлесіп түсірген режиссёр Георгий Овашвилидің «Жүгері аралы» («Кукурузный остров») туындысы да бағын сынайды.

Бұдан басқа, шарада эстондық, ресейлік, украиналық және басқа да шетелдік т.б. режиссерлердің туындылары қатыстырылады. Оның ішінде Сербия, Германия, Македония, Хорватия елдері түсірген режиссёр Дарко Лунгуловтің «Майкл Джексонға ескерткіш» («Памятник Майклу Джексону») атты шығармасы да бар.

Хабарламаларға жазылу