Бүгін «Bala Turkvizyon» байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Bala Turkvizyon» байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтеді

30.05.2015
Бүгін «Bala Turkvizyon» байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтеді

 

Бүгін Балаларды қорғау күні қарсаңында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында түркі тілдес елдердің тарихындағы тұңғыш рет қолға алынған «Bala Turkvizyon» халықаралық байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.   

Концертте Қазақстан эстрада жұлдыздары талантты бүлдіршіндермен өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, шараға «Turkvizyon-2014» байқауының жеңімпазы Жанар Дұғалова қатысады.

Айта кетейік, байқау тәлімгерлері мен продюсерлері - Шахаризат Сейдахмет, Санда,  Әділхан Макин, Дастан Оразбеков, Кентал, Кәмшат Жолдыбаева, Ерболат Беделхан, Ерген Айтымбетов, Нұрболат Абдуллин, Ринат Малцагов, Мәдина Сәдуақасова, Айдар Байжанов, Нұржан Керменбаев, Марсель, Бейбіт Қошқалиев және т.б. өнер жұлдыздары. 

Хабарламаларға жазылу