Қазақстанның бірқатар облыстарында қар жауып, көктайғақ болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның бірқатар облыстарында қар жауып, көктайғақ болады

24.10.2014
Қазақстанның  бірқатар облыстарында қар жауып, көктайғақ болады

23-25 қазан аралығында республиканың бірқатар облыстарында қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығы.

Солтүстік бағыттан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-25 метрге жетеді, деп күтілуде. 

Түнде ауа  температурасы - 3-12 градусқа  дейін төмендейді. 

Қазақстанның оңтүстігінде  жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу