Ауа райы: Еліміздің бірқатар аймағында көктайғақ, тұман болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Еліміздің бірқатар аймағында көктайғақ, тұман болады

15.01.2016
Ауа райы: Еліміздің бірқатар аймағында көктайғақ, тұман болады

15 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. 

Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі сақталады. Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ  болады. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысында бұрқасын күтіледі, жел  15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының түнде кей жерлерде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Хабарламаларға жазылу