Астанада келесі аптада күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада келесі аптада күн суытады

25.01.2014
Астанада келесі аптада күн суытады
 
«Қазгидромет» РМК берген ақпаратқа сүйенсек, келесі аптада екпінді жел тұрып, соңы боранға ұласуы мүмкін.
 
«Алдағы аптаның басында Қазақстанның басым облыстарында ауа райы тұрақсыз болады. Қар жауып, бұрқасын болады, жел күшейеді.  Кей жерлерде көктайғақ болады, тұман түседі деп болжануда.
 
Астана қаласында 26, 27 қаңтарда қар жауып, бұрқасындатады деп күтілуде. 28-31 қаңтар аралығында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бірақ түнде ауа температурасы -30, -35°C шамасында, күндіз -20, -22°C градус шамасында болады», -  дейді, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Мөлдір Есқалиева.

Хабарламаларға жазылу