«Естайдың Қорланы» Талдықорғанда сахналанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Естайдың Қорланы» Талдықорғанда сахналанады

20.10.2014
«Естайдың Қорланы» Талдықорғанда сахналанады

22-23 қазанда ҚР Еңбек сіңірген әртістері Сағат Жылгелдиев пен Жібек Лебаева Талдықорған қаласында Иран Ғайыптың «Естайдың Қорланы» атты қойылымымен гастрольдік сапарда болады.

Бұл туралы Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі хабарлайды.

Шара театр сахнасында 40 жылдай қызмет етіп келе жатқан өнер иелерінің 60 жылдық мерейтойларына орайластырылған.  

Қойылым І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында сахналанбақ.

Сапар мақсаты - жер жәннаты - Жетісудың жүрегі - киелі Талдықорған жұртшылығымен дидарласып, шығармашылық жетістіктерімен бөлісу.

 

Хабарламаларға жазылу