Инчхон жүлдегерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон жүлдегерлері марапатталды

15.10.2014
Инчхон жүлдегерлері марапатталды

Ақтөбе облысының әкімі каратэшілер Андрей Ақтауовқа бір бөлмелі пәтердің, Ринат Сағандықовқа 500 мың теңгенің сертификатын тапсырды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Сондай-ақ, екі спортшының жаттықтырушыларына да сый-сияпат көрсетілді. Ал Азия ойындарында алдыңғы бестіктен көрінген Айгүл Байқұлова (дзюдо) мен Александр Тарабринге (жүзу) теледидар тарту етті.

Архимед Мұхамбетов облыста спортты дамытуға, болашақ олимпиадашылар даярлауға бағытталған жұмыстар жөнінде қысқаша айтып берді.

2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2013-2014 жылғы Азия чемпионы, биылғы ойындардың күміс жүлдегері Ринат Сағандықов облыс әкіміне спортшылар атынан алғысын білдірді.

Хабарламаларға жазылу