Көрмеде елорданың атынан үздік үш әлеуметтік жоба таныстырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көрмеде елорданың атынан үздік үш әлеуметтік жоба таныстырылады

15.10.2014
Көрмеде елорданың атынан үздік үш әлеуметтік жоба таныстырылады

Қазіргі кезде елімізде жүзеге асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар Астанада өтетін жыл сайынғы республикалық көрмеге шығарылады. Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар, мекемелер мен жеке тұлғалар көрмеге қатысуға өтінім беріп, өз жобаларын таныстырды.

Көрмеге Астана қаласынан 14 өтінім келіп түскен. Мекеме жанынан құрылған арнайы комиссия барлық жобаларға өз бағасын беріп, үздік үшеуін таңдады.

Қазан айының соңында Астанада өтетін республикалық көрмеге мына жобалар жіберілді: «Қазақстанның таңдауы белсенді өмір». Жобаны «Ардагер» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады және егде жастағы адамдарға арналған;

- «Аналар үйі». Жоба әлеуметтік жетімдік мәселесін қозғайды;

- «Қолмен жасалған сұлулық» (есту қабілеті бұзылған адамдарды әлеуметті қорғау).

Қазақстанның басқа қалалары мен өңірлері көрмеге 21 үздік әлеуметтік жоба ұсынады.

Хабарламаларға жазылу