Қызылордада «Үздік әлеуметтік жоба» анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Үздік әлеуметтік жоба» анықталды

30.07.2018

Бас жүлде иегері-мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «Қанат» спорттық-сауықтыру орталығы.  Орталық сал ауруына шалдыққан 300-ден астам баланы емдеп, қатарға қосты. Жалпы, аймақ бойынша 20 жоба сараланды. Соның бірі –«Волонтеры Қызылорда» қоғамдық бірлестігі  -мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бимен айналысуына жағдай жасайды. Қимыл-қозғалысы қиын 5 азамат екі жылдан бері  комби стилінде би билеп, көпшілік көңілінен шығып жүр.  Бұл жоба  да  әлеуметтік жобалар байқауында үздік деп танылып, марапатқа ие болды. Жеңімпаздардың  әр қайсысына 1 миллион теңгеден сыйақы берілді. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу