Алматыда 100 отбасына пәтер кілті табыс етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 100 отбасына пәтер кілті табыс етілді

19.09.2014
Алматыда 100 отбасына пәтер кілті табыс етілді

Алматыда қала күні қарсаңында 100 отбасына пәтер кілті табыс етілді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова тұрғын үй кезегінде тұрған 100 алматылық отбасына пәтер кілтін табыс етті. Олардың ішінде көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектер, жетім балалар, білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері бар.

«Алматыда мереке қарсаңында тұрғын үйге мұқтаж жандарға пәтер кілтін табыс ету жақсы дәстүрге айналды. Міне, бүгін де 100 алматылық отбасы Қала күні қоныс тойын тойлайтын болды», - деді Зәуреш Аманжолова.

Биыл Алматыда бұған дейін тұрғын үй кезегінде тұрған 200-ден астам отбасы пәтерлі болғаны белгілі. Енді жыл соңына дейін тағы 100 шақты отбасына пәтер кілтін табыс ету жоспарланған.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу