«Ит асыраймын десең...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ит асыраймын десең...»

09.10.2014
«Ит асыраймын десең...»

Бүгінде көпқабатты тұрғын үйлерде ит асырайтындар жетерлік. Ит асырауға әркімнің құқығы бар. Бірақ, қаланың үйлерінде астың­ғы қабаттағы пәтердің суы сарылдаса, тіпті іргедегі көршің айқайламақ тұрмақ, қатты түшкірсе де естіледі емес пе?

Ал,  иттің арсылдап үргені немесе қыңсылағаны қалай әсер етеді? Сондай-ақ, қаладағы саябақтардан  бүгінде баласын ертіп қыдыратын жас отбасылардан гөрі, итімен қыдырып жүрген адамдарды жиі кездес­тіруге болады.

Медицина мамандары «Иттің көптеген ауруының клиникалық белгілері болмайды. Ол жасырын түрде жүреді»,-дегенді айтады.

Қалада ит асырау қаншалықты дұрыс? Бүгін «Айтуға оңай...» бағдарламасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу