Дүниежүзіндегі ең қымбат ит Қытайда аукционға түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзіндегі ең қымбат ит Қытайда аукционға түскен

25.10.2015
Дүниежүзіндегі ең қымбат ит Қытайда аукционға түскен

Әлемде иттің 100-ден аса түрі кездеседі. Алайда, дүниежүзінде 1,5 миллион доллар тұратын  ит Қытайда өмір сүреді.Қытай елінде  осы бағалы ит саудалануға түскен. Аукцион жүргізу барысында тибеттік мастифф күшігі 1,5 миллион долларға сатылған. Бұл бағалы итті иемденуші белгілі қытай магнаты. Сатып алушының аты жөні жеке қауіпсіздігі үшін көрсетілмеген.

Тибеттік мастифф – қытайлықтардың ұнататын тұқымдасы. Бұл ит тибеттік мінәжат ететін жерлерді күзетіп, көшпенділерге Гималай тауын саяхаттау кезінде көмектескен. Егер  аңыздарға сенер болсақ, Шыңғысхан мен Буддада осы тибеттік мастифф тұқымдасын қалаған.

Ең қымбат төбет бүгінде өскен. Салмағы 80 кг жуық.  Ит экзотикалық ұлттық тағамдар мен жоғары сортты бұзау еті және тауықты жейді.

Хабарламаларға жазылу