Алматы облысында ит қапқан 9 жасар бала ауруханаға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында ит қапқан 9 жасар бала ауруханаға жеткізілді

28.04.2022

Алматы облысында ит қапқан 9 жасар бала ауруханаға жеткізілді. Оқиға Жамбыл ауданының Ақсеңгір ауылында болған. Тұрғындардың айтуынша, жеткіншек бауырларымен бірге аулада ойнап жүрген. Кенет бір топ ит ойын балаларына тап берген. Төбетке таланып қалған бала басынан жарақат алған. Жедел жәрдем көлігі оны Алматы қалалық Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізген. Қазіргі уақытта науқас анасымен бірге емдеу мекемесінде жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты, дейді. Баланы қауып алған ит қазір Ұзынағаш ауылының ветеринарлық станциясына оқшауландырылды.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу