Бес жылда Қазақстанда 30 мың шақырымнан астам жол жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бес жылда Қазақстанда 30 мың шақырымнан астам жол жөнделеді

08.10.2014
Бес жылда Қазақстанда 30 мың шақырымнан астам жол жөнделеді

Алдағы бес жылда 30 мың шақырымнан астам автожол жөнделеді. Бұл туралы бүгін Астанада шетелдік логистикалық операторлармен ықпалдастық тақырыбында өтіп жатқан дөңгелек үстел отырысы барасында ҚР ИДМ Транзитті және көліктік лигистиканы дамыту департаментінің директоры Дәурен Сәбитов мәлім етті. 

«Бағдарлама аясында 30 мың шақырымнан астам автокөлік жолдары қайта салуға және жөндеуге жатқызылды»,- деді ол.

Мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылып отырған жобалар арқылы Қазақстанда автөкөлік жолдарында жүк тасымалын бір жарым есеге арттыруға мүмкіндік бар.

«Көлік саласында сапаны арттыруға негізделген жоспарлы жобалар 2020 жылға қарай көлік дәліздерінің өткізу қабілеттілігін 50 миллион тоннаға дейін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, негізгі құралдардың тозуын 55 пайызға дейін төмендетуге және Қазақстан аумағы арқылы транзитті 30 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкін болады», - деді ол.

Оның айтуынша, 2020 жылға дейін жеті мың шақырым теміржолды жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылады, деп жазады ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу