Қазақстан-Әзербайжан: Сауда айналымы 2020 жылдан бері 5 есе өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Әзербайжан: Сауда айналымы 2020 жылдан бері 5 есе өсті

11.03.2024

Президенттің айтуынша, 2020 жылдан бастап Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 5 есеге , яғни 109 млн доллардан 529 млн долларға ұлғайды. Сонымен қатар, соңғы бір жарым жылда тараптар 40-қа жуық құжатқа қол қойды. Бүгінде тағы бір сенімді жоба әзірленіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым жол жөнделіп, 5 мың шақырымнан астам жаңа темір жол төселетінін мәлімдеді.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу