Қостанайда жыл сайын газ құбырларын жөндеу үшін бір айға жуық табиғи газ тоқтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жыл сайын газ құбырларын жөндеу үшін бір айға жуық табиғи газ тоқтайды

22.06.2022

Қостанайда жыл сайын газ құбырларын жөндеу үшін бір айға жуық табиғи газ тоқтайды. Салдарынан кәсіпорындардың жұмысы шектеліп, тұрғындар қиындық көріп келген еді. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов газ тарату мекемесіне жөндеу жұмыстарының уақытын қысқарту жөнінде тапсырма берілгенін айтты. Аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталды. Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары. Өңірдің экономикалық өсім драйвері - машина жасау саласы. Осының арқасында өңдеу секторының үлесі 55 пайыздан асқан. Биыл 500 шақырымнан астам жол жөнделеді. Аграрлық сала да өзгелерден көш ілгері. 8 сүт фермасы салынады деген жоспар бар. Аймақта 45 диірмен жұмыс істейді. Қостанай өңірі ұн өндіру көлемі бойынша алғашқы тізімде тұр. Алайда, шаруалар бидай тапшылығына наразылық білдіріп келген еді.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

45 диірменнің біреу 70 пайыз, біреуі 50 пайыз, біреуі 100 пайыз қамтиды. Біздің есептеуіміз бойынша астық өндірушілер қорында 260 мың тонна бидай бар. Олар өздері келісу керек бағасын. Ең бастысы біздің мақсатымыз нанның бағасын өсірмеу.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу