Дубляждың падишасы – Мұхтар Бақтыгереев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубляждың падишасы – Мұхтар Бақтыгереев

08.10.2014
Дубляждың падишасы – Мұхтар Бақтыгереев

Мұхтар Бақтыгереев – ойы ұшқыр, шығармашылық қиялға бай алымды өнерпаздың өмір жолы мен өнердегі ізі бүгінгі күні аңызға айналған.

ҚР Халық әртісі Роза Әшірбекова: «Ол кісі менің сахнадағы алғашқы серіктесім болды. Бәкір Тәжібаев пен Жекен Жұмахановтың  «Қарагөз қарындасым» спектаклінде Мұхтар аға екеуміз басты рөлдерді сомдадық. Әнді де керемет айтатын»,-деп еске алады.

Небәрі 15 жасында бұрынғы Гурьев облыстық драма театрында сахна жұмыскері болған жасөспірім  актерлік қадамын да осында бастады. Актер театр сахнасында 200-ден аса рөл сомдады.

«Бұл кісі толқын болып жұмыс істеді.  Халықты өте жақсы түсінді. Бойында қазақы қасиет тұнған актер еді. Ол кісінің ойнағанына қарап, өзіңнің қазақ екеніңе қуанасың»,-дейді ҚР Еңбек сіңірген әртісі Айдос Бектемір.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу