«Дара жол». Ғазиза Әбдінәбиева: Есімді білгелі әртіс болатынымды білдім (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дара жол». Ғазиза Әбдінәбиева: Есімді білгелі әртіс болатынымды білдім (ВИДЕО)

06.11.2017

«Есімді білгелі әртіс болатынымды білдім. Қызылорда қаласындағы мектепті бітірдім. Ұстаздарым керемет жандар еді. Сынып жетекшім менің әртіс болатынымды білді. Әке-шешем, мұғалімдерім әбден еркелетті. Осы уақытқа дейін соған үйреніп, күйеуіме, балама, немереме де еркелеймін.

Театрға 19 жасымда түстім. Виктор Пусурманов деген режиссер болды. Біз ол кезде театрға практикаға барамыз. Сонда көпшілікпен бірге сахнада онайтынбыз. Бір күні «неге көпшілікпен ойнаймын?» деп ойландым. Қайтсем де режиссерге көрінуім керек дедім. Сол жерде Әмина Өмірзақова, Мұхтар Бақтыгереев, Сәлима Саттарова сияқты актерлерді көретінмін. Керемет адамдармен таныстым. Сәлима Саттарова менің досым болды. Ол кісіден көп нәрсеге үйрендім. Осы кісілер сахнаға шықанда әрбір қимылын қарап, жаттап отыратынмын», - дейді әртіс.

Хабарламаларға жазылу