Алматыда Олжас Сүлейменов атындағы IX халықаралық турнир басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Олжас Сүлейменов атындағы IX халықаралық турнир басталды

16.05.2015
Алматыда Олжас Сүлейменов атындағы IX халықаралық турнир басталды

Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде Олжас Сүлейменов жүлдесі үшін IX халықаралық турнир басталды. Байрақты бәсекеге волейболдан ардагер командалар арасындағы 9 аймақтан келген құрамалар қатысты.

Үш күнге созылатын турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын ұстанып, студенттерге үлгі көрсету.

Биыл 79 жасқа толатын ақын Олжас Сүлейменов Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің командасы құрамында ойнап, шеберлігін көрсетті.

Шара барысында Олжас Сүлейменов студенттермен кездесіп, сондай-ақ облыстардан келген құрамаларды университеттің жетістіктерімен таныстырмақ.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу