Химия бойынша Нобель лауреаттары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Химия бойынша Нобель лауреаттары анықталды

04.10.2018

Швецияда химия бойынша Нобель жүлдесінің иегерлері анықталды. Олар - америкалықтар Фрэнсис Арнольд пен Джордж Смит және британдық Грегори Винтер.

Бұл ғалымдар химиялық реакцияларды жылдамдататын жаңа ферменттерді ойлап тапқаны үшін құнды сыйлықтың лауреаттары атанып отыр. Олар ашқан жаңалық химиялық заттарды, атап айтқанда, дәрі-дәрмек пен экологиялық отын жасауға жол ашпақ.

Нобель жүлдесі - шамамен 1 миллион доллар. Соның жартысы Арнольдке беріліп, қалған жартысын Смит пен Винтер бөліп алады.

Нобель лауреаттарын марапаттау салтанаты дәстүрге сай Стокгольмде желтоқсанның 10-да өтеді.

Бұған дейін медицина және физика бойынша биылғы нобельдік лауреаттардың есімдері жарияланғаны  белгілі.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу