Біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әні жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен қоса, әлеуметтік мән-мазмұнымен де құнды. Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да қатты әсер еткен.
Қиянатшылар тіпті оны «жынданды» деген лақап таратып, қол-аяғын байлап тастауға дейін барады. Аталмыш оқиға Біржан салдың «Теміртас» әнінде үлкен қасіретпен айтылады. Оның «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», «Жанбота», «Теміртас» сияқты әндері дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын алды.
Бүгін 18.50-де «Ғасырлар үні» хабарынан Біржан әндерінің тарихы туралы толығырақ мағлұмат ала аласыздар.