Біржан сал әндерінің тарихы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біржан сал әндерінің тарихы қандай?

30.09.2014
Біржан сал әндерінің тарихы қандай?

Ұлттық арна эфирінен берілетін «Ғасырлар үні» бағдарламасы аты айтып тұрғандай, Арқа, Батыс, Алтай, Жетісу, Қаратау, Қарқаралы тағы да басқа аймақтардың дәстүрлі ән-күй мектептерімен қатар, аңыз-жоралғыларына да тоқталады.

Әр санында қазақтың салт-дәстүрінен қойылым  көрсетіліп,  ән-күйлердің бүгінгі өнер жұлдыздарының орындауындағы нұсқасы ұсынылады. 

Осы сенбіде бағдарлама Біржан сал әндері туралы сыр шертпек. Біржан сал әндерінің тарихымен танысқыңыз келсе, 5 қазан күні 18.50-де «Ғасырлар үні» деректі фильмін көріңіз.

Хабарламаларға жазылу