Бүгін – Иса Байзақовтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Иса Байзақовтың туған күні

03.10.2014
Бүгін – Иса Байзақовтың туған күні

Қазақ өнеріне өлшеусіз еңбек сіңірген тұлғалардың бірі – Иса Байзақов. Ол тек ақын ғана емес, әнші, сазгер, әртіс ретінде де көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Таутұлға Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында дүниеге келген. Жастайынан «домбырашы бала», «әнші Иса» атанған сері  қазақ әдебиетінің жауһар үлгілерін қағаз бетіне түсіріп, бүгінгі күнге жетуіне мол үлес қосты.

«...Иса желпініп, үзілмей соққан сары даланың желі сияқты, сол даладай кең, мол ақындықтың иесі», деген екен Мұхтар Әуезов.

Ал Мұзафар Әлімбаев: «Егер шынайы поэзия мен шын асыл өнер саласында қазақ халқының таланттылығын бір-ақ мысалмен дәлелдеу қажет болса, мен Иса есімін атап, бесаспап өнерпаздығын алға жаяр едім»,-деген.

Толғау іспетті желдірмелері де халық арасында кең тараған Байзақовтың шығармашылығымен толығырақ «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу