«Ақан серінің әншілігіне еліктедім» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақан серінің әншілігіне еліктедім»

07.02.2014
«Ақан серінің әншілігіне еліктедім»
Өнерге бала күнінен құштар Ержан Тастанбек қазір кәсіби әнші. Ол Бибігүл Төлегенова сынды білікті ұстаздан тәлім алып, ән айтудың қыр-сырын меңгерді.
 
Дегенмен, Ержан Тастанбек композитор ретінде кеңінен танымал. 30-ға жуық әннің авторы. Алғаш Кәкімбек Салықовтың өлеңдеріне ән шығарыпты.
 
«Мен Ақан серінің әндерін сүйіп тыңдадым. Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Біржан сал, Мәдилерді тыңдап өстім. Кейінгі композиторлардан Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Иса Байзақовтың әндерімен сусындап өстім»,-дейді сазгер.
 
Оның «Астана таңы», «Домбыра сылқым күмбірі», «Қаратал шақырады» сынды көптеген әні ел ішіне кең тарап кеткен. Сазгердің эстрадалық әндері де, дәстүрлі бағыттағы туындылары да бар.

Хабарламаларға жазылу