Мемлекет басшысы Ақтау портын кеңейту жобасымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ақтау портын кеңейту жобасымен танысты

01.10.2014
Мемлекет басшысы  Ақтау портын кеңейту жобасымен танысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына сапары барысында Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын жүзеге асыру барысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Жобаға сәйкес, қуаты жылына 1,5 миллион тонна болатын астық терминалын, сондай-ақ,  негізгі жүктер мен контейнерлерге арналған, қуаты жылына 1,5 миллион тонна болатын екі терминал салу есебінен порттың жүк ауыстырып тиеу мүмкіндігін жылына 19,5 миллион тоннаға дейін ұлғайту көзделген.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде порттың жалпы алаңы 22 гектарға ұлғаяды. Құрылыстың бірінші кезеңін 2014 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған.

Мемлекет басшысына сондай-ақ, Каспий теңізіндегі порттың,  транскаспийлік бағыттың және Маңғыстау облысының көлік торабының инфрақұрылымын дамыту турасында баяндалды.

Сапар барысында еңбек ұжымының өкілдерімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев:  «Қазақстанның  теңіз қақпасы ретіндегі маңызы өсе беретін портқа мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп отыр», - деді.

«Астраханьда өткен саммитте Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары тарапынан Каспийдің экологиясын сақтау және осы су қоймасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қамтитын көптеген жайттар шешілді. Осының бәрі ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған және ол бүкіл Каспий маңы өңірінің әрі қарайғы дамуына  серпін береді»,- деді Мемлекет басшысы.

Фото: ortcom.kz

Хабарламаларға жазылу