Әнші, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлнұр Оразымбетова «Таңшолпанда» қонақта болды.
Жақын арада әншінің жеке ән жинағы шықпақ. Осы орайда әнші: «Бұрын көп болса, 13-14 ән кіретін бір жинаққа. Осы жолы соңғы орындалған әндердің бәрін қосқанда 20 ән енгіздік. Ән-жинақтың аты – «Арманым-ай» деп аталады. Бұл әнді «Азия» тобының мүшесі Ринат Базитов жазған, сөзінің авторы – Ринат Зайытовтыкі», -дейді.
«4 қазан Қарағанды қаласында жеке ән кешім болады. Кеште әрине, басқа да әншілер өнер көрсетеді. Менің ән кешім Құрбан айтпен тұспа-тұс келіп отыр. Қарағандылықтарды осы мейраммен құттықтап қайту – бір жоспар».
Әншінің шығармашылығындағы басқа да жаңалықтармен «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.