Астанада «Алты нүкте арқылы білімге» атты байқау өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Алты нүкте арқылы білімге» атты байқау өткізілді

29.09.2014
Астанада «Алты нүкте арқылы білімге» атты байқау өткізілді

Астанада қыркүйектен қазан айына дейін дәстүрлі «Ақ таяқ» айлығы өтеді. Шара барысында зағип және нашар көретін адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, шахмат жарысы, үздік вокалдық орындау байқауы, музыкалық аспаптарда ойнау, аспаздық жарыстар және т.б.

Аталған айлық аясында бүгін елордалық арнаулы кітапханада «Алты нүкте арқылы білімге» атты байқау өткізілді. Оған 17 адам қатысты. Шарада көзі көрмейтін мүгедектер Брайль жүйесінің көмегімен шетелдік және отандық әдебиетпен танысты. Қатысушылар Әбіш Кекілбаевтың «Плеяды - созвездие надежды» шығармасын тез оқудан бәсекеге түсті.

Байқауда Софья Максимова мен Камалиден Оспанов үздік атанды. 

Хабарламаларға жазылу