Астанада ҚР Ұлттық музейінде әйгілі ағылшын мүсіншісі Цадок Бен-Давидтің «Түн ортасының арғы беті» атты жеке көрмесі ашылады.
Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысады, деп хабарлайды strategy2050.kz.
«Экспозиция 3 инсталляциядан және мүсіннен тұрады. Әрбір инсталляция суретшінің ақиқатқа айналған ойы мен қиялының көкжиегін көрсетіп, өнерсүйер қауымды бірегейлігімен таңғалдырады. Цадок Бен-Давид - дүниежүзінде кең танылған және көпшілік мойындаған өзіндік көркем стилін қалыптастырған мүсінші», - делінген хабарламада.
Орталық Азия аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған көрме 2014 жылдың 26 қыркүйегі мен 5 желтоқсаны аралығында өтеді.