Қазақтың белгілі суретшісі, мүсінші Еркін Мергенов өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың белгілі суретшісі, мүсінші Еркін Мергенов өмірден өтті

28.07.2015
Қазақтың белгілі суретшісі, мүсінші Еркін Мергенов өмірден өтті

Қазақтың белгілі суретшісі әрі мүсіншісі Еркін Мергенов 75 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Көзі тірісінде, яғни, осыдан бір апта бұрын ғана Мәскеу қаласындағы Орталық суретшілер үйінде оның жеке көрмесі ашылған. Оған Еркін Тілекұлының соңғы жылдардағы туындылары қойылды.

Суретшінің жеке көрмелері бұған дейін Қазақстаннан бөлек, Ресей, Украина, Латвия, Қырғыз Республикасы, Венгрия және Германия елдерінде өткен.  

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу