Шымкентте Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты жеке көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты жеке көрмесі өтеді

25.11.2014
Шымкентте Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты жеке көрмесі өтеді

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты жеке көрмесі өтеді.

Бұл туралы ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Әлеуметтік тақырыптарға арналған графикалық суреттер көрмесіне автордың 50-ге жуық туындысы қойылады.

Көрме Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында ашылады.

Аңсаған Мұстафаның туындылары тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелде де танымалдыққа ие. Қазақ жастарына арнап салынған суреттері түрік, жапон, грузин, қырғыз, ағылшын, орыс көркемсурет шеберлерінің ыстық ықыласына бөленіп, әлемге тарады.

Кейбір суреттері фейсбуктің Латын Америка сегментінде, жергілікті ең танымал әртістердің рейтингісінен асып түскен. Бүгінде Еуроодақ елдері мен Жапонияда тарайтын журналдар өз беттерінде А.Мұстафаның қолынан шыққан суреттерді қайта басуға рұқсат алып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Аңсаған Құрманғазықызының жеке көрмелері Астана және Алматы қалаларында өткен болатын. 

Хабарламаларға жазылу