Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов халықаралық «Сұңқар» шаңғы трамплині кешеніндегі дене шынықтыру-сауықтыру нысанының құрылысымен танысты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазір нысанда Халықаралық шаңғы спорты федерациясының стандартына сай жерасты, желі жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала басшысы құрылыс кестесінің қатаң сақталуын ескертті.