Семейде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

19.09.2014
Семейде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Семейде спорт күресі мен ауыр спорт түріне арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды strategy2050.kz. сайты.

Жобаның құрылысына 250 миллион теңге жұмсалған.

Кешенде бокс, дзюдо, таэквондо, ауыр атлетика залдарын ашу жоспарланған.  Нысанда табиғи газон төселген футбол алаңы бар, оның айналасына жүгіру жолы төселіп, турниктер мен қолды жаттықтыратын құрылғылар орнатылмақ.

Сонымен қатар, биыл Семей өңірінде үш спорттық нысанды жүзеге асыру бастал. Олар Тарбағатай ауданының Ақсауыт ауылында  спорттық модуль және Катон-Қарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында  дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері. Қазіргі уақытта мұнда байқаулық үрдістер жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу